Тағы бір алтын!

Қазан 14, 2022

Асылжан Бектай ауыр атлетикадан 89 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды!

Екі жаттығудың қосындысында Асылжан 362 (165+197) келіні бағындырса, серпе көтеруде «күміс» және жұлқи көтеруде «алтын» иеленді!

Сондай-ақ бұл санатта еліміздің тағы бір өкілі – Кирилл Староверкин болды. Оның нәтижесі – 330 (153+177) келі және турнирлік кестеде 7-ші орын!

Бахрейндегі Азия чемпионатында ұлттық құрамамыздың қазынасына екінші «күмісті» Арай Нұрлыбекова әкелді!

Әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшымыз 221 (97+124) келі салмақты бағындырып, жеке жаттығуларда екі қола медальді жеңіп алды!