Денис Уланов BRITISH INTERNATIONAL OPEN 2019 турнирінде алтын медальді иеленді

Маусым 8, 2019


Англияда (Ковентри) «Рико Арена» стадионында 7-9 маусым күндері қола деңгейдегі мәртебесімен British International Open 2019 Токио 2020 Олимпиадалық ойындарына квалификациялық болып табылатын турнир өтіп жатыр.
Қазақстанды осы біріншілікте 96 кг салмақ дәрежесінде Илья Ильин және 81 кг салмақ дәрежесінде Денис Уланов көрсетеді.
Бүгін халықаралық турнирдің тұғырына Денис Уланов шықты. 81 кг салмақ дәрежесінде Денис Уланов қоссайыс сомасында 325 кг (145+180) көтеріп, British International Open 2019 сайысында бірінші орынды иеленді.