Ұлттық құрама активінде 21 медаль

Маусым 21, 2022

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 11-18 маусым аралығында Леон қаласында (Мексика) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында бірінші орын алды. Біздің команда активінде 21 медаль, оның ішінде 12 алтын, 3 күміс және 6 қола марапаттар бар, ал Едіге Емберді әлемдік рекорд орнатты және жарыстың үздік атлеті болып танылды!

СПОРТШЫЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

Ерасыл Саулебеков (67 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша «алтын»

Едіге Емберді (73 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша «алтын»

Денис Полубояринов (81 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша «алтын»

Никита Абдрахманов (102 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша «алтын»

Надежда Ли (64 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша «күміс»

Александра Беленко (40 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша «күміс»

Ерасыл Омаров (55 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша  «қола»

Дарья Балабаюк (49 келіге дейін) жұлқи көтеруде «қола»

Алина Колиушко (59 келіге дейін) жетінші орынды иеленді

ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралинов:

– Бірінші кезекте бүкіл командамыз бен жаттықтырушылар штабын Әлем Чемпионатында тамаша өнер көрсеткенімен құттықтағым келеді! Көптеген спортшыларысыз үшін бұл дебют болды, және мойындау керек, олар өте жақсы өнер көрсетті. Жаттықтырушылар штабы орасан зор жұмыс атқарды, осыны атап өтпеуге болмайды.

Иә, жарысқа қатысушылардың виза алуында қиындықтар болды, бірақ ҚР СІМ, Қазақстанның Мексикадағы және Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен біз бұл мәселелерді шеше алдық. Сонымен қатар, ұзақ ұшуды, уақыт белдеулерінің толық ауысуы (спортшылар қазақстандық уақыт бойынша түнде өнер көрсетті), климаттық бейімделу және басқа да факторларды қоса алғанда, спортшыларымыз өте жақсы өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің құраманың қоржынында түрлі дәрежедегі 21 медаль бар, бұл ауыр атлетиканың Қазақстандағы №1 спорт түрі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді және біздің атлеттеріміздің алдағы құрлықтық, әлемдік жарыстар мен  Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсету үшін зор әлеуеті бар екенін дәлелдейді.