Үздіктің үздігі! Әлем кубогының қорытындысы

Қараша 20, 2020

Бүгін Перу ауыр атлетика федерациясының online форматында ұйымдастырылған ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогы аяқталды. Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпықұрамалық есепте ұлдар арасында екінші, ал қыздар арасында бесінші орынға ие болды. Біздің құраманың қоржынында үш «алтын» және екі «қола» бар. Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы – Дмитрий Чурсин:

– Балалар жақсы дайындықтарын көрсетті, лайықты өнер көрсетіп, лайықты марапаттарына ие болды. Мен нәтижеге ризамын. Бұл жарыстар, біздің спортшылардың тамаша ұрпағы өсіп келе жатқанын көрсетті. Федерацияның және бас бапкер Бақыт Ахметовтің үлкен еңбегін атап өткім келеді. Олар құрамды жасартуға уақытында бағыт алды. Нәтижені біз бүгін көріп отырмыз. Жас жігіттерге өздерін ұлттық құрамаға шақыру арқылы өздерін көрсетуге мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын. Онда олар өте жақсы жағдайда және ең жақсы жаттықтырушылармен жұмыс істейді. Тарихтағы тұңғыш Дүниежүзілік жастар online-турниріне 399 спортшы 61 елден қатысты. Бұл жарыста Қазақстанды жеті атлет таныстырды, олардың арасында тәжірибелі балалармен қатар дебютанттар да болды. Бір қызығы, барлық спортшылар уақыт айырмашылығына қарамастан (біздің елде бұл терең түн болды) әлемдегі ең жақсы бестікке кірді!

Ал 81 келіден жоғары салмақ дәрежедегі жеңімпаз –Айсамал Сансызбаева қыздар арасындағы Кубоктың үздік спортшысы деп танылды.

Аблай Ауелханов, 55 келіге дейін дәрежеде – «алтын»

Бекболат Рахат, 102 келіге дейін дәрежеде – «алтын»

Сансызбаева Айсамал, 81 келіден  жоғары дәрежеде – «алтын»

Ыбрай Гульнур, 64 келіге дейін дәрежеде – «қола»

Туяков Жанали, 102 келіден  жоғары дәрежеде – «қола»

Азамат Толеген, 61 келіге дейін дәрежеде – IV орын

Абдыкалык Мейрамбек, 73 келіге дейін дәрежеде – V орын