ҚР ААФ Президентінің сайлауы

Ақпан 24, 2023

22 ақпанда Ауыр атлетика федерациясының жоғары басқару органының мәжілісі – жыл сайынғы Конференцияның мәжілісі өтті, оған барлық облыстардың өкілдері, ұлттық құрамалардың жаттықтырушылар құрамы, сондай-ақ Федерацияның басқа да мүшелері қатысты.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Федерация мүшелері келесі шешімдерді қабылдады:

1) Федерацияның сайлау конференциясының өтетін күні мен орны бекітілді – ағымдағы жылдың 17 наурызы, Астана қ.

2) Сайлау процесін ұйымдастыру үшін тәуелсіз сайлау комиссиясы бекітілді, оның құрамына құрамына: комиссия төрағасы – бокстан Олимпиада чемпионы Сәпиев С.Ж., ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бектенова А.Б., ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитеті заң департаментінің директоры Қасымова Қ.Б.

3) Федерация президенттігіне кандидаттардың негізгі критерийлері, сондай-ақ қажетті құжаттардың нысандары бекітілді.

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • 30 жастан кіші емес;
  • Дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Олимпиадалық цикл үшін Федерацияны дамыту бағдарламасын ұсыну.

Федерация президенттігіне кандидатурасын ұсынғысы келетіндер толтырылған нысанды және барлық растайтын құжаттарды сайлау комиссиясының келесі электрондық поштасына жібере алады: law@olympic.kz, office@wfrk.kz

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2023 жылдың 10 наурызына дейін.