Фиджи әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынында екінші алтын

Маусым 7, 2019

Бүгін Сува қаласында өтіп жатқан юниорлар арасындағы ауыр атлетика бойынша әлем Чемпионатында тұғырға 87 кг салмақ категориясында Дарья Ахмерова шықты. Қоссайыс сомасында 236 кг (103+133) көтеріп, алтын медальға ие болды.
20 жастағы Дарья үшін бұл бірінші халықаралық бастама.