Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің тану туралы сертификатын алды

Қыркүйек 25, 2020

Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің тану туралы сертификатын ұзартты.

Сертификатты табыстау бүгін, 25 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласындағы ҰОК штаб-пәтерінде өтті.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұралинов:

Біз үшін бұл біздің Федерация ауыр атлетика мен жалпы Олимпиадалық қозғалысты дамытудың дұрыс жолында тұрғандығын айғақтайтын үлкен және салтанатты оқиға.