Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты

Ақпан 13, 2024

Өзбекстан Республикасында (Ташкент қ.) 3-9 ақпан аралығында ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтті.
Бұл Чемпионат Париждегі 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензия алуға біліктілік болып табылады.
Қазақстан Республикасының құрама командасы атынан қатысқандар:
Әйелдер:

  1. Абдықалықова Айнүр;
  2. Нұрлыбекова Арай.

Ерлер:

  1. Ақмолда Сайрамкез;
  2. Рахымберді Əлібек;
  3. Уваров Александр;
  4. Петрович Сергей;
  5. Староверкин Кирилл.
    Қазақстандық зілтеміршілер 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды:
    Ақмола Сайрамкез 67 кг салмақ дәрежесінде 292 кг (126+166) қоссайыс сомасында күміс медаль жеңіп алды,
    Уваров Александр 81 кг салмақ дәрежесінде 343 кг (153 кг 190 кг) қоссайыс сомасында күмісті жеңіп алды;
    Староверкин Кирилл 96 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, 330 кг (150+180) нәтижесімен «жұлқи» көтеру жаттығуында қола медаль иегері атанды.
    Алдағы Олимпиада ойындарының соңғы лицензиялық бастамасы – 2024 жылдың 31 наурызы мен 11 сәуірі аралығында Тайланд Корольдігінің Пхукет қаласында өтетін Әлем Кубогы қалды.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының спортшылары алдағы жарыстарға күшейтілген дайындықты жалғастыруда.
    Қолдау мен серіктестік үшін рахмет:
    «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қоры
    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.