Сәулебеков Ерасыл әлем чемпионы атанды

Маусым 15, 2022

Сәулебеков Ерасыл командамыздың қоржынын алтын медальмен толықтырды! Жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында (Леон, Мексика) 67 келіге дейінгі салмақта оған тең келер ешкім болмады.

Спортшымыз екі жаттығуда да көш бастап, қоссайыс бойынша 281 (123+158) келіні бағындырды.
Алааддин Саин (Түркия) екінші болып мәреге жетті – 278 (121+157). Үздік үштікті Польша спортшысы Бартош Бурски жапты – 269 (116+153).

Бұдан бұрын осы жарыс күні Дарья Балабаюк 49 келіге дейінгі санатта «жұлқи» көтеруде қола медальға ие болып, турнирлік кестеде төртінші орында тұр. 152 (69+83) келі – оның нәтижесі.