Сон: «Токио ойындарына дейін мұндай салмақты көтерген емеспін»

Шілде 25, 2021

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық зілтемірші Игорь Сон қола медаль жеңіп алды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы жарыс кезінде қатты қобалжығанын жасырмады.

«Ойымды жинақтауға тура келді. Қалай уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын.

Токиоға дейін осынша салмақ көтерген емеспін. Демек, бұл менің ірі жарыстарда көрсеткен ең жақсы нәтижем. Жаттығу залында қарсыластарды бақылап отырдық. Басты қарсыласым зілтемірді қисайтып алған кезде де уайымым кете қоймады. Бәрі болуы мүмкін ғой. Мен жұлқа көтеруден жақсымын, серпе көтеруде біраз қиындық бар. Ал төрешілер есептемей қойған екі мүмкіндікке келер болсақ, екеуінде де шынтағымның қозғаланы кері әсер етті. Барлығы таза болуы керек.

Рахмет, Қазақстан! Маған қолжау көрсеткендердің бәріне алғыс айтамын. Алға, Қазақстан», – деді Сон.

ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК