Ресми мәлімдеме

Қыркүйек 20, 2021

Кеше кешкісін ауыр атлетикадан ҚР құрамасының бұрынғы мүшелері, оның ішінде қаза тапқан Альберт Линдердің ағасы әлеуметтік желілердегі парақшаларында құрама командасының жаттықтырушыларына шағым және сын айтты.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауға алуға және әрбір айыптау бойынша тексеріс жасауға ниетті.

Жақын арада ААФ әрбір атлетпен байланысып, ішкі тергеу жүргізеді, оның қорытындысы туралы қосымша хабарланады.