Рекорд орнаттық!

Маусым 15, 2022

Ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем Чемпионатының кезекті жарыс күні еліміздің ұлттық құрамасының қоржынына тағы да медаль әкелді. «Алтынның» авторы 73 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен елордалық ауыр атлетика мектебінің 17 жастағы оқушысы Емберді Едіге болды.

Бірінші жаттығуда спортшы бастапқы тәсілді жүзеге асырмады, бірақ кейін ол 134 келіні көтеріп, алға шықты.

«Жұлқи»көтеруде шиелініс мүлдем жойылды – Едігенің салмағы ең жақын бәсекелесінен 10 келіге жоғары болды. Бірінші тәсіл есептелмегеніне қарамастан, екіншісі алтын медаль алып келді, ал қорытынды есепте қазақстандық 172 келі салмақта жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Турнирдің күміс жүлдегері Өзбекстаннан келген Диербек Эрматов болды – 290 (133+157), үштікті Канададан келген Брайан Ибаньез Герреро тұйықтады – 288 (132+156).