Карина Кузганбаева Сувада әлем чемпионы атанды

Маусым 7, 2019


Бүгін Фиджи (Сувада) өтіп жатқан ауыр атлетика бойынша жарыста тұғырға Карина Кузганбаева шықты. 81 кг дейін салмақ категориясында қоссайыс сомасында 224 кг (98+126) көтеріп, алтын медальға ие болды.
Карина Кузганбаева 2017 жылы Непалда жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бірінші орынды, қоланы Азиялық юниорлар чемпионатында иеленді. Сонымен қатар 2017 жылы Тайландта өткен әлем чемпионатында қола медальдің иегері атанды.