Зульфия Чиншанло: «Мен ең жақсы нәтиже көрсеткім келеді»

Шілде 3, 2021

Ауыр атлетикадағы басты үмітіміздің бірі Зульфия Чиншанло Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Токиода өтетін Олимпиаданың біліктілік кезеңі мен дайындық кезіндегі қиындықтары туралы әңгімелесті.

– Сіз Токио Олимпиадасында ел намысын қорғауыңыз керек. Бұл туралы не ойлайсыз?

– Иә, мен үшін бұл екінші Олимпиада, сондықтан мен өзіме жүктелген барлық жауапкершілікті толық түсінемін. Мен ең жақсы нәтиже көрсеткім келеді, бірақ алдын-ала болжам жасамайын.

– Сіз үшін біліктілік кезеңі қалай өтті?

– Іріктеудін өзі қиын болмады, бірақ пандемия жағдайында жарыстарға қатысу және жаттығу жасау қиын болды. Алты айға жуық, бәрі жабылған кезде, үйде жаттығуға тура келді. Бірақ, бұдан барлық спортшылар өтті, сондықтан біз бұл тұрғыда тең дәрежеде болдық.

– Қазір қандай формадасыз?

– Жоспар бойынша дайындық, форманың шыңына шығу әлі ерте. – Токиодағы ойыннан қандай үміттер бар?- Мен болжам жасағым келмейді, қандай да бір үмітпен бөліскім келмейді. Қазақстан менімен мақтан тұтуына қолымнан келгенін барлығын жасаймын.

– Сіз Олимпиада алдында екпе жасадыңыз ба?

– Ия, мен вакцинаны осы жылдың көктемінде алдым.