«Жас Қуат»

«Жас Қуат» бағдарламасы дарынды ауыр атлетшілерге арнайы шәкіртақы бөлу жолымен республикамыздың әр өңіріндегі жас атлеттерді қолдауға бағытталған.

Бағдарлама Rompetrol ( «KMGInternational» ) компаниясы қолдауымен жүзеге асады.

Сыйақыға үміткерлер үшін негізгі критерилер мыналар:

  • Спортшының жасы: 1999 жылғы және одан жас;
  • Спортшының бүкіл мәнсабында тыйым салынған заттар ережелері бұзылуының болмауы;
  • Спортшының базалық спорттық разряды «Спорт шеберлігіне кандидат» және одан жоғары;
  • Әр облыстағы атлеттердің саны: демеушілік қаржы бюджетіне қарай үш адамнан бес адамға дейін;
  • Атлеттерге шәкіртақы тағайындау туралы облыстық жаттықтырушылар шешімі.

Аталмыш бағдарлама аясында материалды-техникалық базаның жаңартылуы, сондай-ақ аймақтық спорттық мекемелердегі ауыр атлетика секцияларын жөндеуден өткізу қарастырылған. Бағдарлама Қазақстанның барлық аумағын кеңінен қамтиды, өңірлердегі ауыр атлетиканы дамыту мен насихаттауға бағытталған және атлеттерді жоғары спорттық нәтижелерге жетуге ынталандырады.