«ЖАС ҚУАТ» бағдарламасының шәкіртақы иегерлерінің тізімі жарияланды

Мамыр 14, 2019


Қазақстан Республикасының ауыр атлетика Федерациясы Rompetrol (KMG International) қолдауымен басталған «ЖАС ҚУАТ» бағдарламасы аясында ел өңірлерінен үміт күттіретін зілтеміршілерін айқындады.
«Жас Куат» бөлімінде облыстар мен Қазақстанның 3 қаласынан (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) 80 спортшылардан (59 – жігіт, 21 – қыз) тұратын тізім жарияланды. Аталған спортшыларға жыл бойы 30 000 теңге көлемінде айлық шәкіртақы төленеді.
Ескере кетсек, Федерацияның бапкерлік кеңесімен атлеттерді іріктеу шарттары бекітілген. Олардың бастылары: жасы 20-ға дейін, «спорт шеберлігіне үміткер» минималды спорттық разряды болуы керек, сонымен қатар антидопингтік ережелерін бұзуға ілікпеуі керек. Спорттық нәтижелерге сәйкес, әрбір облыс/қала тізімде шәкіртақыны алуға үміткерлерді ауыстыра алады.
Соған қоса, ел өңірлерінде жөндеу жұмыстары өткізілетін және спорттық инвентарь жаңартылатын 10 ауыр атлетика залдарының тізімі жарияланды. Осы жылдың мамыр айында Семей мен Теміртау қалаларында жөндеу жұмыстарын жүргізу басталады.