«Жас Қуат»
«Жас Қуат» бағдарламасы дарынды ауыр атлетшілерге арнайы шәкіртақы бөлу жолымен республикамыздың әр өңіріндегі жас атлеттерді қолдауға бағытталған.
Бағдарлама Rompetrol ( «KMGInternational» ) компаниясы қолдауымен жүзеге асады.
Сыйақыға үміткерлер үшін негізгі критерилер мыналар:
- Спортшының жасы: 1999 жылғы және одан жас;
- Спортшының бүкіл мәнсабында тыйым салынған заттар ережелері бұзылуының болмауы;
- Спортшының базалық спорттық разряды «Спорт шеберлігіне кандидат» және одан жоғары;
- Әр облыстағы атлеттердің саны: демеушілік қаржы бюджетіне қарай үш адамнан бес адамға дейін;
- Атлеттерге шәкіртақы тағайындау туралы облыстық жаттықтырушылар шешімі.
Аталмыш бағдарлама аясында материалды-техникалық базаның жаңартылуы, сондай-ақ аймақтық спорттық мекемелердегі ауыр атлетика секцияларын жөндеуден өткізу қарастырылған. Бағдарлама Қазақстанның барлық аумағын кеңінен қамтиды, өңірлердегі ауыр атлетиканы дамыту мен насихаттауға бағытталған және атлеттерді жоғары спорттық нәтижелерге жетуге ынталандырады.