Алдияр Нұралинов: «Қызықты тайталас болмақ»

Қараша 2, 2018

Ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионаты қарсаңында біз Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры А.Д. Нұралиновке бірнеше сұрақ қойған едік.

– Ашхабадқа келіп жеткен құрама спортшыларының дайындығы қалай, жарыс алдындағы әсерлері қандай екенін әңгімелеп беріңізші?

– Бір жылдық шеттетуге байланысты біздің команда бір жыл толығымен ешқандай турнирге қатысқан жоқ, алайда ол жалпы дайындыққа еш әсер еткен жоқ. Бұл кезеңде қыз-жігіттеріміз оқу-жаттығу жиындарынан қалмай, тынбай еңбектендіОдан бөлек, атлетеріміз ішкі республикалық жарыстарға қатысты. Былайша айтқанда, қыркүйекте өткен Республика чемпионаты осы әлем чемпионатына іріктеу сайысы іспеттес, нәтижесінде Ашхабадқа келген құрамды жасақтап шықтық.

Түркіменстанға Шымкенттен жеттік. Әрине, ұшып келгеннен кейінгі аздаған шаршаңқылық та жоқ емес, оның алдында Алматыдан пойызбен қатынадық және осында ұштық, бірақ командамыз өз қалпына келді, тіпті бірнеше жаттығу да жасап үлгерді.

Менің ойымша, осы әлем чемпионаты үшін Ашхабадқа келетін елдер мен спортшылар саны рекордтық көрсеткішке ие болып тұр, бұл сонысымен қызық, жарыс та аса қызықты өтетініне сенімдімін.

Жалпы, құрама сақадай сай тұр. Бәрінің жеңгісі келеді, алға жылжу керек деп алақан ысқылап отыр.

– Команда құрамын қалай бағалайсыз, ойлағандарыңыздай болды ма?

– Өздеріңіз білесіздер, бұл чемпионат осы жылдың маусым айында өзгеріске ұшырағандай, жаңа салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Ендігі жерде ерлерде де, әйелдерде де 10 салмақ дәрежесі бар, оның жетеуі олимпиадалық саналады. Біз спортшыларымыз барлық салмақта болуын қамтамасыз етіп, соған ұмтылдық. Осы жолы ойдағыдай құрам жасақталды деп топшылаймыз, негізінен әртүрлі халықаралық турнирлердің, Олимпиада жүлдегерлері және чемпиондары жиналды. Шын мәнінде, барлық салмақ дәрежелерінде Қазақстанның ең мықты зілтеміршілері өнер көрсетеді.

– Жарыс кеше басталды, құрамамыздың мүмкіндігін қалай бағалайсыз, қандай мақсат қойдыңыздар және қанша жүлде аламыз деп болжам жасадыңыздар?

– Бапкерлік құраммен бірге барлық құрамаларды бағамдап көрдік. Мықты спортшылар мен қарсыластардың көп екенін, негізгі бәсекелестеріміздің қол қусырып отырмағанын айта кету ләзім. Қытай, Солтүстік Корея, Иран және Тайланда құрамалары өте мықты.

Әрине, басты мақсат – осы іріктеу кезеңін сәтті бастау. Өздеріңіз білетіндей, осы жылдан бастап, әр спортшыны жеке-жеке іріктеу жүйесі енгізілді, сол үшін әлем чемпионатына қатысу және ұпай жинау әрбір атлетке аса маңызды.

Жүлде кестесі бойынша, біз құраманың жақсы нәтиже көрсететініне үміттіміз. Қандай да бір болжам жасаудан аулақпын, алайда ұлттық құрама көшбасшылары – Нижат Рахимов, Зүлфия Чиншанло, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары – Рүстем Сыбай мен Надежда Лихачевалар жүлдеден үмітті деп санаймын.

– Ильиннің мәлімдемесі Федерация үшін жаңалық болды ма? Ол қатыса ма және көңіл-күйі қалай?

– Оның жарақаты біз үшін құпия емес болатын және оны жиі мазалайтын. Соңғы кездері жарақаты мазалап кетті, сол себепті оның қатыспауым мүмкін деген мәлімдемесіне таң қалған жоқпыз.

– Дегенмен, оның толық қаралуын күтуге шешім қабылдадық. МРТ талдауы оның протрузиясынан бөлек, мойын бөлігінде жарықтың (грыжа) барын анықтап берді. Жақын күндері оған қажетті ем-дом курсы анықталады және барлық жағынан қолдау танытамыз..

Жалпы, Ильиннің физикалық жай-күйі жақсы, бірақ диагноздың кесірінен әлем чемпионатына қатыса алмайды.

Біздің мақсатымыз – оның қалпына келуін қажетті бар жағдайды жасау және жаттығуға оралуын қамтамасыз ету.