Азияда ең үздік

Сәуір 26, 2021

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы бірінші орынға ие болды! Жалпыкомандалық есепте әйелдер төртінші орында тұр.

Қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды:

«Алтын» – Арли Чонтей (55 келіге дейін)

«Күміс» – Абылай Әуелханов (55 келіге дейін), Карина Күзғанбаева( 81 келіге дейін), Нұрғиса Әділетұлы (89 келіге дейін)

«Қола» – Екатерина Быкова (71 келіге дейін), Айзада Муптильда (+87 келіге кг), Артем Антропов (102 келіге дейін)

-ҚР ҰҚК бас бапкері Бақыт Ахметов:

– Балалар чемпионатта қойылған мақсаттарды орындады! Ерлер құрамасы көшбасшы атанды, әйелдер құрамасы төртінші орынға ие болды – бұл тамаша нәтиже. Бір жылдық үзілістен кейін команда нағыз жарыстардың атмосферасын сағынды, әр спортшы жарысқа толығымен берілді. Тәжірибелі балалар өз деңгейлерін көрсетті, біреуінде жақсы шықса, біреуінде одан нашарлау шықты. Қалай болғанда да, біз қателіктермен жұмыс жасауға дайынбыз. Жастар қуантты – кейбір балалар үшін бұл бірінші халықаралық старт болды, олар абыржымай, әрбір мүмкіндікті пайдаланды.

– Олимпиадаға лицензияларымен жағдай қалай?

-Бүгінгі таңда барлық қатысушы елдер үшін біліктілік старты әлі аяқталған жоқ. Африка чемпионаты, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаттарынан кейін рейтингтік ұпайлар түпкілікті бөлінеді.