Азамат Төлеген қола жүлденің авторы

Шілде 21, 2022

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының кезекті жарыс күні ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының қазынасын тағы бір жүлдемен толықтырды. Жастар  арасында Азамат Төлеген қола жүлденің авторы атанды. 61 келіге дейінгі салмақта біздің спортшымыз алты әрекеттің бес мүмкіндігін орындап, 262 (112+150) келі салмақта тоқтады. Бұл нәтиже оған қоссайыста «қола» және серпе көтеруде «күміс» берді.

Бірінші орында Корея өкілі – Шин Рок (126+155). «Күміс» Үндістан спортшысы – Сирумурган Мадхаванға (121+144) қалды. Бұған дейін Дарья Блабаюк 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен болатын. Біздің спортшымыз «серпе» көтеруді жүзеге асырмағанына қарамастан, екінші жаттығуда оның нәтижесі 17 жасқа дейінгі қыздар арасында Азияда екінші болды! Дарияның нәтижесі-86 келі және серпе көтеруде «күміс».