ЖАҢА ЖЫЛДА ЧЕМПИОНДАРМЕН БІРГЕ
Желтоқсан 25, 20182018 жылдың 24-26 желтоқсан күндері Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында Қарағанды облысы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасылардың және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дәстүрлі қайырымдылық шыршасы өтіп жатыр.
Балаларды құттықтауға және оларға жаңажылдық көңіл-күй сыйлау үшін еліміздің белгілі ауыратлеттері келді. Биылғы жылғы шыршаға халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2017 жылғы әлем және Азия чемпионы, қазақстандық турнирлердің сан дүркін чемпионы Артем Антропов, Қазақстан Республикасы чемпионаттары, кубоктары мен турнирлерінің сан дүркін жеңімпазы мен жүлдегері Любовь Ковальчук, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының және 2015 жылғы Қытай ашық халықаралық кубогының жүлдегері, 2017 жылғы Азия ойындарының чемпионы Әсем Садықовалар қатысты. 25 желтоқсандағы жаңажылдық ертеңгілікке Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлемдік төрт рекордтың иегері Илья Ильин шақырылды.
«Ұйымдастырушылар бұл мерекені балаларға арнап жасап жатыр, мен оларға жарқын көңіл-күй сыйладым, меценаттар осы іс-шараны қаржыландырды. Менің ойымша, біз бәріміз бірігіп, тек ізгі істер жасай аламыз», — деп Илья Ильин өз ойымен жеткізді.
Танымал спортшылармен кездесу тәрбиеленушілерді шабыттандыра түсті.
«Мен Илья Ильиннің спорттағы барлық сәттерін қалт жібермедім. Оған жанкүйерлік еттім және ұқсауға тырыстым. Мен де ауыр атлетикамен айналысамын. Илья сияқты күшті және мақсатқа жетуге тырысатын спортшы болғым келеді», — деп атап өтті Майқұдық балалар үйінің тәрбиеленушісі Виктор Коваль.
Балаларға арналған ертеңгілік «Щелкунчик және төрт патшалық» жаңажылдық ұсынылым форматында өтіп жатыр.
Іс-шара үш күнге созылады және балалар үйлері мен аз қамтылған отбасылардан шыққан мыңдаған баланы қамтиды. Спортшылармен кездесуде балалар мемлекеттің спортқа жасап отырған мүмкіндіктері туралы біліп, қазақстандық ауыр атлеттерден спортта алға қойған мақсатқа жету жолдары туралы кеңестер алатын болады.
Еске сала кетейік, танымал спортшылар қатысатын жыл сайынғы жаңажылдық ертеңгіліктер соңғы жылдары балаларды спортқа және салауатты өмір салтына баулитын жақсы бір дәстүрге айналып отыр.