Қазақстан ерлер құрамасы Қатарда жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды
Желтоқсан 23, 2018Қатар астанасы Дохада ауыр атлетикадан Қатар халықаралық кубогы лицензиялық турнирі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. Зілтеміршілеріміз 3 медальмен елге оралады, нақтырақ айтқанда Игорь Сон мен Раушан Мешітханова күміс жүлделерді жеңіп алса, Нижат Рахимов қолаға қол жеткізді. Бұдан бөлек Қазақстан атлеттерінің қоржыны кіші медальдармен де толықты: Игорь Сон (61 келіге дейін) жұлқи және серпе көтеруден – күміс, Нижат Рахимов (73 келіге дейін) жұлқи көтеруден – күміс, серпе көтеруден – қола, Айдар Қазов (81 келіге дейін) серпе көтеруден – қола, Карина Горичева (64 келіге дейін) серпе көтеруден қола, Раушан Мешітханова (100 келіге дейін) жұлқи көтеруден – алтын, серпе көтеруден – күміс.
Юрий Мельников ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы:
– Біздің зілтерміршілер жаман нәтиже көрсеткен жоқ, алға қойған мақсаттарға жеттік, бұдан әрі де көрсеткіштерімізді жақсартуға тырысамыз. Игорь Сон мен Раушан Мешітханованы ерекше атағым келеді..
Игорь Сон жас та болса осымен екінші мәрте ересектер арасындағы турнирге қатысып отыр. Алғаш 2017 жылы Ашхабадта жарыс жолына шықты. Осы жолы Дохада 61 келіде соңғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Арли Чонтеймен бір салмақта өнер көрсетті және жарыс қорытындысы бойынша Чонтейден қара үзіп кетті.
Сондай-ақ Раушан Мешітханова жақсы көрсеткіштерге жетіп жүр, бір жылдық шеттетілуден кейін Раушан екі бірдей турнирде тұрақты нәтижелер көрсетті, алдағы уақытта оның тұрақтылығы серпінді болар деп үміттенеміз
Мұнаң бәріне қоса, ерлер командасы турнирдегі жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.