🏋🏻‍♂️ 2010–2011 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты

29 сентября, 2026

17 қыркүйек күні Алматы қаласында 2010–2011 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына:

* Қазақстан Республикасының Допингке қарсы орталығының директоры – Бакашева Майра Қабылқанқызы
* Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы – Дархан Нұрханұлы
* Ауыр атлетика спорт түрінен ҚР
мемлекеттік жатықтырушы — Қадиров Асқар Толқынұлы
* «Элеон Альфа» компаниясының басшысы – Асамбаев Рахман Уәлиханұлы
* полиция генерал-майоры – Оспанов Асқар Чувашевич
* Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Бекмұханбетов Бекен Сәрсенбайұлы қатысты.

Қазақстан Республикасының чемпионаты 17–24 қыркүйек аралығында өтуде. Жарысқа еліміздің 16 өңірінен 200-ден астам жас спортшы қатысып, чемпионаттың жүлделері үшін бақ сынауда. Жас спортшылар өздерінің күшін, шеберлігін және спорттық мінезін көрсетіп, жоғары нәтижелерге ұмтылуда.

📍 Өткізілетін орны:
Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 6Б
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің Орталық спорт клубының спорт кешені.

Алда спортшыларды тартысты бәсеке, жарқын өнер көрсету және жаңа жеңістерге деген ұмтылыс күтіп тұр!

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының демеушілері — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.
@samrukkazyna_official
@sportqory