Жеке жаттығулар бойынша 20 жасқа дейінгі юниор ұлдар мен юниор қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Жеке-Командалық Чемпионаты

4 июля, 2026

4-10 шілде аралығында Түркістан қаласында ауыр атлетикадан жеке жаттығулар бойынша 20 жасқа дейінгі юниор ұлдар мен юниор қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Жеке-Командалық Чемпионаты өтуде.

Жарысқа еліміздің 13 өңірінен 120-дан астам спортшы қатысуда.

7 жарыс күні бойы қатысушылар чемпионат жүлделері үшін бақ сынайды. Әр салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Барлық қатысушыларға сәтті өнер көрсетіп, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектеспіз!

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының демеушілері — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.
@samrukkazyna_official
@sportqory

—-

С 4 по 10 июля в г. Туркестан проходит Лично-командный Чемпионат Республики Казахстан в отдельных упражнениях по тяжелой атлетике среди юниоров и девушек до 20 лет.

В соревнованиях принимают участие более 120 спортсменов из 13 регионов страны🏋🏼‍♀️

На протяжении 7 соревновательных дней участники поборются за медали Чемпионата, а победители и призеры в каждой весовой категории будут награждены денежными призами.

Желаем всем участникам успешных выступлений и высоких спортивных результатов!🏋🏼‍♀️🇰🇿