AIBA базасында бапкерлер кеңесі өтті

Мамыр 23, 2019

Оқу-жаттығу жиыны өткізіліп жатқан, дүниежүзілік AIBA бокс академиясында Қазақстан Республикасының ауыр атлетика Федерациясының бапкерлер кеңесі өтті.
Мәжіліс барысында осы жылы өткізілген жарыстардағы ересектер мен жастар құрамасының аралық көрсеткен нәтижелері есептеліп, 2019 жылы өткізілетін Әлем Чемпионатына дайындық мәселелері мен Талдықорған қаласында тамыз айында өтетін «Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан 5-ші Спартакиадасын» өткізу мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа Лас-Вегас қаласындағы әлем чемпиондары Сайхан Тайсуев пен Ольга Пастуховаға Федерация Президенті Жанат Тусупбековтен сыйлықтар берілді.