ҚР ААФ Нижат Рахимовқа қолдау көрсетеді

Қаңтар 26, 2021

Халықаралық тестинг агенттігі (ITA) ұлттық құрама мүшесі Нижат Рахимовтың атына тағылған айыптарға байланысты, спортшы федерацияға өзінің кінәсіздігін қорғауға ниет білдіріп, құқықтық қолдау көрсету туралы өтініш берді.

ITA хабарламасына сәйкес атлет өзінің жазбаша түсініктемесін 1 ақпанға дейінгі мерзімде ұсынуы қажет, бұл ретте қосымша тәртіптік тыңдау сұралуы мүмкін, оның барысында спортшы өз дәлелдерін өзі айтуға мүмкіндігі болады.

Қазіргі уақытта Федерация Лозанна қаласының Халықаралық спорт төрелігін қоса алғанда, барлық инстанцияларда өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда атлетке қолдау көрсетуге дайын халықаралық тәжірибесі бар жоғары білікті заңгерді тарту мәселесін пысықтады.

Допингке нөлдік төзімділік қағидатын ұстана отырып, Федерация бұл істі объективті тергеуге мүдделі және істі қарау барысы туралы ақпарат береді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған хабарлама ҚР ААФ-на ағымдағы жылдың 18 қаңтарында келіп түсті. Оқыс оқиғаны тергеу кезеңінде спортшы барлық спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттетілді.