2007 жылға дейін және одан кіші ҚР Чемпионатының нәтижелері

Қыркүйек 27, 2021

Қызылордада ауыр атлетикадан 2007 жылға дейін және одан кіші ҚР Чемпионаты аяқталды. Жарысқа республикадан 238 спортшы қатысты. 

Жасөспірімдер арасында жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысы жеңіске жетті. Екінші орында-Алматы облысы. Үздік үштікті Түркістан облысы қорытындылады.

Қыздар арасында бірінші – Алматы облысы. «Күміс» Қызылорда облысына бұйырды. ШҚО үшінші орында.

ҚР ААФ облыстық ауыр атлетика федерациясының президенті Кенжебаев Темірхан Бердалиұлына және № 2 олимпиадалық резерв мектебінің директоры Меңдияров Асқар Танабекұлына жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс білдіреді.