Ұлттық құраманың қоржынына екінші қола медаль түсті

Шілде 26, 2021

Зульфия Чиншанло Токио Олимпиадасында 55 келіге дейінгі санатта қола медаль жеңіп алды.

Қоссайыс қорытындысы бойынша біздің спортшы Өзбекстаннан ең жақын қуғыншыны бір килограмға басып озып, 213 келі (90+123) көтерді.

«Алтын» авторы Филиппиндік Хидилин Диас – 224 (97+127) болды. Екінші орында қытайлық Цююнь Ляо – 223 (97+126) келімен жайғасты.