Қазақстан құрамасының Фиджидегі нәтижелері

Маусым 8, 2019

1-8 маусым аралығында Фиджидің астанаса Сува қаласында ауыр атлетикадан әлем біріншілігі өтіп жатыр. Әлем Чемпионатына 51 елдің өкілдері қатысып жатыр.
Қазақстан құрамасы бұл біріншілікте сәтті сайысты, команданы келесі атлеттер көрсетті:
1. Кузганбаева Карина, 81 кг салмақ категориясында
2. Ахмерова Дарья, 87 кг салмақ категориясында
3. Ломанов Евгений, 81 кг салмақ категориясында
4. Адлетұлы Нургиса, 89 кг салмақ категориясында
5. Антропов Артем, 96 кг салмақ категориясында

5 маусымда Артем Антропов 96 кг салмақ категориясында қоссайыс сомасында 352 кг (155+197) көтеріп, құрамаға бірінші күміс медальді әкелді.
Сонымен қатар, жұлқи көтеруден Артем кіші күміс медальға ие болды.
6 маусым күні Карина Кузганбаева 81 кг дейін салмақ категориясында қоссайыс сомасында 224 кг (98+126) көтеріп, алтын медальға ие болды.
Карина Кузганбаева 2017 жылы Непалда жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бірінші орынды, қоланы Азиялық юниорлар чемпионатында иеленді. Сонымен қатар 2017 жылы Тайландта өткен әлем чемпионатында қола медальдің иегері атанды.
Бүгін Сува қаласында өтіп жатқан юниорлар арасындағы ауыр атлетика бойынша әлем Чемпионатында тұғырға 87 кг салмақ категориясында Дарья Ахмерова шықты. Қоссайыс сомасында 236 кг (103+133) көтеріп, алтын медальға ие болды.
Алдияр Нұралинов, ҚР ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры:
Қазақстандық жанкүйерлерді біздің құраманың сәтті өнер көрсетуімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Біздің зілтеміршілердің Лас-Вегастағы жастар арасындаға әлем чемпионатында және Фиджидегі юниорлар чемпионатындағы жеңістері қазақстандық ауыр атлетика мектебінің әлемдегі көшбасшы екенін дәлелдейді.