Юниорлар Сува қаласындағы ауыр атлетикадан әлем біріншілігіне қатысады

Мамыр 30, 2019

1-8 маусым аралығында Фиджидің астанаса Сува қаласында ауыр атлетикадан әлем біріншілігі өтеді. Әлем Чемпионатында 51 елдің өкілдері қатысады. Жарысқа қатысуға 15 пен 20 жас аралығындағы (1999-2004) жас атлетшілер жіберіледі. Қатысушылардың жалпы саны – 290 атлетшілер.

Қазақстанды бұл біріншілікте келесі зілтеміршілер көрсетеді:

1. Кузганбаева Карина, 81 кг салмақ категориясында
2. Ахмерова Дарья, 87 кг салмақ категориясында
3. Ломанов Евгений, 81 кг салмақ категориясында
4. Адлетұлы Нургиса, 89 кг салмақ категориясында
5. Антропов Артем, 96 кг салмақ категориясында

Олимпиадалық даййындық орталығының ауыр атлетикадан аға тренері Бахыт Ахметов:
Дайындық жоспар бойынша жүрді, жастарымыз күшейтілген оқу-жаттығу жиындарынан өтті, дәл Чемпионат алдында AIBA базасында оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Спортшыларымыз жақсы физикалық формаға келді, енді барлығы да өздеріне және олардың психологиялық ыңғайлануына байланысты.