Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Желтоқсан 16, 2018

Қымбатты достар!

Сіздерді  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мейрам еліміздің еркіндігі мен қуаттылығының нышаны саналады. Халқымыз тәуелсіздік алған сәттен бастап, жаңа жетістіктермен, сәтті жаңғырулармен Қазақ тарихын жарқын түрде жалғастырып келеді, егемендікке қол жеткізгеннен бері біз нық қадаммен алға басып келеміз және бізді әлем тұтас мойындады.

Сіздерге дәл осы күні бақыт, зор денсаулық, бейбітшілік пен береке, түсіністік пен келісім және ертеңгі күнге деген сенім тілейміз! Біздің Отанымыз – Егемен Қазақстанға тек қана жетістік пен гүлденуді тілейміз! Әрқайсыңыздың үйлеріңізден әрқашан бейбітшілік, келісім және береке кетпесін!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!