Тамаша бастама!

Желтоқсан 8, 2021

Арли Чонтей Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
55 келіге дейінгі салмақта біздің спортшымызға тең келер ешкім болмады. Арли барлық алты тәсілді жүзеге асырды: бірінші жаттығудың қорытындысы бойынша ол екінші орынды иеленді – «жұлқи» көтеруде -118 келі, «серпе» көтеруде – 142 келі.

Екінші орында Тада Сомбуниан (Таиланд) – 256 (115+141) келі. Үздік үштікті 254 (110+144) келімен Болгариядан Анхель Русев тұйықтады.