Ресми мәлімдеме

Қаңтар 13, 2022

Жақында БАҚ-на Альберт Линдердің өзіне қол жұмсауына қатысты ҚР Бас прокурорына депутаттық сауал түскені туралы ақпарат таратылды.

Ауыр атлетика федерациясы бірқатар мәлімдемелерге түсінік беруге ниетті:

ҚР ААФ вице-премьер Е.Ж. Тоғжановқа ҚР Мәдениет және спорт министрінің шешімдерін жою туралы ешқандай өтінішхат жіберген жоқ.

Ауыр атлетикадан ҚР құрамасының бұрынғы бас бапкері Бақыт Ахметов өз міндеттеріне 2020 жылы кірісті, яғни Альберт Линдер кәсіби спорттан кеткеннен кейін 2 жыл өткен соң, Альберттің тағдырына ешқандай қатысы жоқ.

Сергей Седов Альберттің жеке жаттықтырушысы болды. Бірқатар атлеттердің өтінішінен кейін, ол шеттетілді және қазіргі уақытта ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасында жұмыс істемейді.

Ашық дереккөздерден белгілі болғандай, ҚР ІІМ Альберт Линдердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жүргізілді, іс қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылды, бұл туралы жария етілді. Федерация мүдделі тұлғалардың одан әрі әрекеттері туралы білмейді.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес құраманы ерлер және әйелдер құрамасына бөлу туралы шешім қабылданғанын қосымша хабарлаймыз. Федерацияның атқарушы комитеті бюросының 30.12.2021 ж. қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атына ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Дәурен Дүйсенұлы Бекмұханбетовты және әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Иван Павлович Сивохинді тағайындау туралы қолдаухат жолданды.

Федерацияның жаттықтырушылар кеңесі 2022 жылға штаттық құрама командалар спортшыларының құрамын бекітті. Команда құрамында Линдер отбасының трагедиясына қатысы бар жаттықтырушылар жоқ.

Бас жаттықтырушыларды тағайындағаннан кейін, сондай-ақ ел өңірлерінде ТЖ режимі біткеннен кейін алғашқы оқу-жаттығу жиындары жоспарланған. Біздің әріптестерімізге, жаттықтырушыларымызға және атлеттерімізге Қазақстан ауыр атлетика мектебі әлемдегі ең мықтылардың бірі екенін кезекті рет дәлелдеу үшін жақсы жаттығу процесін құруды тілейміз! Барлық спорт сүйер қауымды бізге қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!