РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ

Желтоқсан 7, 2021

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен келісім бойынша штаттық ұлттық құраманы жеке командаларға (ерлер және әйелдер) бөлу туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты, ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер құрамасына тәлімгерлерді тағайындау 7-17 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында өтетін Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Командалардың бас жаттықтырушыларын тағайындау, жаттықтырушылар штабын қалыптастыру сияқты бекітілген критерийлер негізінде жүзеге асырылатын болады, олардың арасында допингке қарсы бұзушылықтардың болмауы, соттылықтың болмауы, тиісті тәжірибе мен нәтижеліліктің болуы.

ҚР ААФ Бас хатшысы Алдияр Нұралинов:

Команданың ерлер мен әйелдерге бөлінуі қазақстандық ауыр атлетиканың елдегі және халықаралық деңгейдегі орнын күшейтетініне сенімдімін. Біздің спорт түріндегі жарыстар бірлесіп өткізілетініне қарамастан, ауыр атлетикадағы ерлер мен әйелдердің спорттық дайындығы бір-бірінен түбегейлі ерекшеленеді. Жалпы ережелерден басқа, жүктемелердің қарқындылығына, эмоционалды, психологиялық және медициналық-биологиялық қолдауға сараланған көзқарасты талап ететін әйелдер денесіне ғана тән ерекшеліктер бар. Бұдан басқа, командалардың бөлінуі ұлттық құрамадағы штаттық бірліктердің санын одан әрі арттыруға және екі командадағы жаттықтырушылардың кәсіби ұжымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Екі командаға да тәлімгерлерді тағайындау ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өкілдерінің қатысуымен Талдықорған қаласында өткен жаттықтырушылар кеңесінде айтылған пікірлерді ескере отырып, 2021 жылдың соңына дейін қабылданатыны сөзсіз.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ұлттық Олимпиада комитеті мен Министрліктің басшылығына осы өзгерістерді қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді.