Ресми мәлімдеме

Қыркүйек 29, 2021

ҚР құрамасының бұрынғы мүшелері ҰҚК жаттықтырушылар штабынын айыптау туралы істі тергеу аясында, Федерация құрамына сарапшылар мен спорт ардагерлері енген комиссия құруды ұсынды.

Төраға: Тапсир Мендихан (ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы)

Мүшелері: Стерликов А.А. (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері; I Халықаралық санаттағы спорт төрешісі);

Соловьева О. (I Халықаралық санаттағы спорт төрешісі);

Подобедова С. (ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, ҚР спортшылар одағының мүшесі);

Нуралинов А. Д. (ҚР ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры).

Тергеу барысында Комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайлар анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, Алматы облыстық полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Осыған байланысты ҚР ААФ тергеуге қажетті барлық қолдауды көрсетуге ниетті.