Оқу-жаттығу жиындарға кірісті

Қыркүйек 6, 2021

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынына кірісті. Желтоқсан айының соңында өтетін Әлем чемпионатына дайындықтың бірінші кезеңі Түркияның Кемер қаласында басталды. Ол 25 тамыздан 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

ОЖЖ-ға аттанған спортшылар қатарына мыналар кірді:

Гүлнұр Ыбырай (64 келі)

Карина Күзғанбаева (87 кг)

Айзада Муптильда (+87)

Антропов Артем (96 кг)

Нұрғиса Әділетұлы (96 келі)

ҚР ҰҚК бас бапкері Бақыт Ахметов:

– Біз екі жылдан кейін ОЖЖ-ға шетелге шыға алғанымызға қуаныштымыз. Жаттығу орыны мен климаттық жағдайлардың өзгеруі дайындық үшін өте маңызды. Сонымен қатар, жағалаудағы сабақтардан сауықтыру әсері өте үлкен: тұзды теңіз суы буындарға пайдалы әсер етеді, осылайша буындарды қалпына келтіруге көмектеседі.

– Осы ОЖЖ-нан кейін команданың жоспарлары қандай?

– Қысқа үзіліс жасаймыз, бірнеше апта бойы балалар әрқайсысы өз аймағында жаттығуды жалғастырады, содан кейін жиналып, тағы бір жиын өткіземіз. Одан кейін қараша айында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді, ол өз алдына финалдық «бағалау» болады, содан кейін үздіктер желтоқсан айында әлем біріншілігіне аттанады.