Олимпиада 2020 батырларының кездесуі

Шілде 28, 2021

Кеше кешке Алматы қаласының әуежайында 2020 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері – ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға құрмет көрсетілді. Спортшылар жаттықтырушылармен бірге Токиодан оралды.

Салтанатты шараға спортшылардың туысқандары мен жақындарынан басқа ауыр атлетика федерациясы мен Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. Терминалдан шыққаннан кейін, бірден спортшыларды қатты қошеметпен және қол алысумен қарсы алды.

ҚР ААФ атқарушы директоры Алдияр Нұралинов:

– Игорь және Зульфия Қазақстан ауыр атлетикадағы көшбасшы елдердің бірі екенін бүкіл әлемге тағы да дәлелдеді, сол үшін біз оларға бүгін алғыс айтамыз! Бақыт Ахметов бастаған жаттықтырушылар штабына кәсіби жұмысы мен дұрыс құрылған стратегиясы үшін алғысымды білдіремін! Бұл марапаттар Қазақстан құрамасының қоржынында соңғы болып табылмасын! Олимпиада жалғасуда, сондықтан Отанымыздың намысын қорғайтын барлық спортшыларға сәттілік тілеймін!