Жаттығуға кірістік

Қыркүйек 1, 2020

Қазақстан Республикасының ауыр атлетиканың ұлттық құрамасы жаттығуға кірісті. Команда Алматы облысындағы «Ақ бұлақ» олимпиадалық орталығында орналасты.

ОЖО басталмас бұрын команданың әрбір мүшесі Covid-19 тестілеуден өтті, содан кейін атлеттер «карантиндік аймақта» болды, онда олар тестілеуден қайта өтті.

«Қазіргі пандемия жағдайға біз өте жауапкершілікпен қарадық және барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтаймыз. Барлық балалар тест тапсырды, содан кейін бір апта қатаң карантинде болды. Барлығы сау екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана біз жаттығуға кірісеміз», – деп ҚР ҰҚК бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов атап өтті.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, ОЖО-ға жаттықтырушылар құрамы мен қызмет көрсететін персоналды қоса алғанда, 30-дан аспайтын адам қатыса алады. Сондықтан кейбір спортшылар өз бетінше жаттығуды жалғастырады.

Команда құрамы:

Ауелханов Аблай 2003 ж.

Акмолда Сайрамкез 2002 ж.

Сон Игорь 1998 ж.

Чонтей Арли 1992 ж.

Тайсуев Сайхан 2002 ж.

Савельев Анатолий 2000 ж.

Сапи Есенгельды 2002 ж.

Рахимов Нижат, 1993 ж.

Дроздов Алексей 2001 ж.

Адилетулы Нургиса 2000 ж.

Антропов Артем 2000 ж.

Бекболат Рахат 2004 ж.

Самарканов Андас 2001 ж.

Ыбрай Гульнура 2003 ж.

Павлова Дарья 2001 ж.

Кузганбаева Карина 2000 ж.

Быкова Екатерина 1997 ж.

Мешитханова Раушан 1995 ж.

Сансызбаева Айсамал 2003 ж.

Муптилда Айзада 1998 ж.

«Ең жақын жарыс – қараша айында өтетін Азия чемпионаты, бірақ ол өтеді ме, жоқ па, уақыт көрсетеді. Қалай болса да, біз толық жаттығып, дайындаламыз. Құраманың құрамы айтарлықтай «жасарған» – 70% – жасөспірімдер. Сондықтан алдағы уақытта біздің балалар тәжірибелі спортшылармен бірдей деңгейде өнер көрсете алуы үшін үлкен жұмыс күтіп тұр. Жергілікті жарыстардың ішінен биылғы жылы Талдықорғанда Қазақстан чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз, бірақ әлі күнге дейін нақты айта алмаймын. Жарыстан кейін құраманың негізгі құрамында кім қалатынын анықтаймыз», – деді Ахметов.