Екінші қола медаль!

Маусым 13, 2022

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстандық Ерасыл Омаров үшінші орынға ие болып, елімізге екінші медаль алып келді!
Қоссайыс қорытындысында спортшы 224 келі (100+124) көтерді. Сауд Арабиясының өкілі Калитит Али Маджид (105+124) бес келіге арттық көтерді. Санаттың көшбасшысы Үндістаннан келген спортшы – Гурунаиду Санапатхи болды (104+126).
Бұған дейін 40 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Александра Беленко Қазақстанға қоланы әкелген болатын. Спортшы 125 келі (50+70) көтерді.