Ауыр алетикадан Қазақстан командасы Исламиаданы 26 медальмен аяқтады

Тамыз 22, 2022

Бір күн бұрын Конияда өтіп жатқан 5-ші Ислам ынтымақтастығы ойындарында зілтеміршілер өз өнерлерін аяқтады. Қазақстан құрамасының қоржынында 26 медаль бар, оның 8-і алтын, 15-і күміс және 3-еуі қола.

Чонти Арли (55 келі). Нәтиже 253 (114+139) екі алтын: «серпе» көтеру және жаттығулардың қосындысы, «жұлқи» көтеруде күміс медаль.

Алиев Өтепберген (61 келі). Нәтиже 271 (120+151) екі қола медаль: «серпе» көтеру және жаттығулардың қосындысы.

Зульфия Чиншанло (59 келі). Нәтижесі 220 (95+125) үш алтын медаль: «жұлқи», «серпе»  және жаттығулар қосындысы бойынша.

Чуркин Алексей (73 келі). Нәтиже 315 (145+170) үш күміс медаль: «жұлқи», «серпе» және жаттығулар қосындысы бойынша.

Бектай Асылжан (89 келі). Нәтиже 353 (162+191) «жұлқи» көтеруде күміс және жаттығулар қосындысы бойынша- қола.

Нұрлыбекова Арай (76 келі). Нәтижесі 215 (94+121) үш күміс: «жұлқи», «серпе» және жаттығулар қосындысы бойынша.

Омарова Айша (81 келі). Нәтиже 226 (98+128) екі күміс медаль: «серпе» көтеру және жаттығулар қосындысы бойынша.

Антропов Артем (102 келі). Нәтиже 386 (164+222) екі күміс медаль: «серпе» көтеру және жаттығулар қосындысы бойынша.

Муптилда Айзада (+87 келі). Нәтижесі 266 (116+150) үш алтын медаль: «жұлқи», «серпе» және жаттығулар қосындысы бойынша.

Ковальчук Любовь (+87 келі). Нәтиже 261 (114+147) үш күміс медаль: «жұлқи», «серпе» және жаттығулар қосындысы бойынша.