Азия чемпионаты 2021

Наурыз 18, 2021

17-25 сәуір аралығында Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Бұл турнир лицензияланған болып табылады және алдағы Олимпиада ойындарына ранжирлеу шеңберінде қажетті рейтингтік ұпайларды жинауға мүмкіндік береді.

Чемпионатта Қазақстан намысын 17 спортшы қорғайды:

  • Аблай Әуелханов (55 кг)
  • Арли Чонтей (55 кг)
  • Игорь Сон (61 кг)
  • Алексей Дроздов (61 кг)
  • Сайрамкез Ақмолда (67 кг)
  • Александр Уваров (81 кг)
  • Нұрғиса Әділетұлы (89 кг)
  • Артем Антропов (102 кг)
  • Рахат Бекболат (102 кг)
  • Ибрагим Берсанов (109 кг)
  • Зульфия Чиншанло (55 кг)
  • Гүлнұр Ыбрай (64 кг)
  • Екатерина Быкова (71 кг)
  • Аиша Омарова  (71 кг)
  • Карина Кузганбаева (81 кг)
  • Раушан Мешітханова (87 кг)
  • Айзада Муптілда (87+ кг)

ҚР ҰҚК бас бапкері Бақыт Ахметов:

Дайындық бекітілген жоспарға сәйкес қарқынды жүріп жатыр. Құрама Ташкентке ұшуға дейін, Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынында болады. Алдағы Азия чемпионатына спортшылар тізіміне үздік атлеттер енді, олар оны өткен ел біріншілігінде растады. Көбінің халықаралық жарыстарда өнер көрсету тәжірибесі бар, бірақ бұл бірінші тәжірибесі барлар да бар – бұл Омарова Аиша (Қарағанды), Дроздов Алексей (Алматы облысы) және Уваров Александр (Шымкент).

Құрама да, жаттықтырушылар құрамы да бұл бастаманы асыға күтуде, өйткені бұл бір жылдан кейінгі алғашқы оффлайн турнир болып табылады. Біз бәсекелестік атмосфераны қатты сағындық, оны ешқандай қашықтық форматтағы жарыс алмастыра алмайды. Балалар байсалды, өздерінің ең жақсы нәтижелерін көрсетуге тырысады, бірақ біздің мақсатымыз – 2021 Олимпиадасына лицензия алу екенін ұмытпаған жөн.

Токиоға жолдама алуға негізгі үміткерлер-әйелдер арасынан Зульфия Чиншанло мен Раушан Мешитханова, ерлер арасынан Ибрагим Берсанов пен Игорь Сон. Маусым айында біліктілік кезеңі  аяқталғаннан кейін, кімнің баратынын білеміз.