АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЖЕКЕЛЕГЕН ЖАТТЫҒУЛАР БОЙЫНША ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚР ЖЕКЕ-КОМАНДАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ. НӘТИЖЕЛЕР

Наурыз 18, 2021

Жуырда ерлер мен әйелдер арасындағы жекелеген жаттығуларда ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты қашықтықтан (онлайн) форматта аяқталды. Жарысқа Қазақстанның 14 өңірінен 302 спортшы қатысты.

Жалпы командалық есепте орындар келесідей бөлінді (жақшада алынған ұпай саны):

Мужчины:

Ерлер:

I орын: Алматы (251)

II орын: Алматы облысы (238)

III орын: Қызылорда облысы (231)

Әйелдер:

I орын: Қызылорда облысы (303)

II орын: Алматы облысы (292)

III орын: ШҚО (240)

Сондай-ақ, рекордсыз болған жоқ. 59 келіге дейінгі санаттағы әйелдер арасында жаңа деңгейді Зульфия Чиншанло 214 кг (92+122) көрсетті, осылайша өзінің өткен нәтижесін – 121 кг (91+121) жаңартты. 76 келіге дейінгі санатта Екатерина Быкова 127 келіні еңсеріп, өзін асып түсті, осылайша ол соманы 220 келіге көбейтті (бұл: «итеру» 122,  сомасы 217). 81 келіге дейінгі санаттағы екі рекорд Карина Күзғанбаева (сомасы 230 келі) мен Ольга Пастуховаға («итеру» 128 келі) тиесілі. 87 келіден жоғары санатта өз рекордын Айзада Муптилда жаңартты – 262 кг (114+148) қарсы 251 кг (109+146) .

96 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында Нұрғиса Адилетұлы бірінші жаттығуда рекордты 172 келіні және сомасы 379 келіні көтерді (бұрын бұл санатта Рүстем Сыбай үздік болған – «серіппе көтеру» 171 және сомасы 378). 102 келіге дейінгі санатта Артем Антропов өзінің 216 келіге тағы 5 келіні итеріп, сол арқылы Илья Ильиннің 380 келіге қарсы 385 келі сомасындағы рекордын жаңартты.

ҚР ҰҚК бас бапкері Бақыт Ахметов өткен стартқа түсініктеме берді:

«Қазақстан чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті, қашықтық форматына қарамастан қатысушылар көп болды. Балалар өздеріне қойылған мақсаттарды орындады, атап айтқанда жақсы нәтиже көрсетті, рекордтарды жаңартты. Ең бастысы, спортшылар жарыс тәжірибесін алды, тұғырды сезінді. Алдымызда маңызды старт-лицензиялық Азия чемпионаты тұр, онда біздің атлеттеріміз жетіспейтін рейтингтік ұпайларды жеңіп алуы тиіс.»