Қазақстандықтардың Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен 6 халықаралық ынтымақтастық чемпионатында қатысуы аяқталды.
Ақпан 17, 2020Жарыстың соңғы күнінде тұғырға Илья Ильин, Раушан Мешітханова мен Ибрагим Берсанов шықты. Қоссайыс қорытындысы бойынша Илья Ильин 355 кг (160+195) нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. 102 кг категориясында екінші орынды Катар өкілі Фарес Елбах 353 кг (159+194) нәтижесімен алды, ал үшінші орынға Өзбекстанның өкілі Умарбек Шохназаров 341 кг (155+186) иеленді.
87 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Раушан Мешітханова қоссайыстың қорытындысы бойынша 210 кг (100+110) көтеріп, бесінші орынға иеленді.
109 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде Ибрагим Берсанов 387 кг. (181+206) нәтижесімен екінші сатысына көтерілді, екінші орынды Джураев алды, қоссайыс сомасында 410 кг (189+221) жинап, ал үшінші орында Корея республикасының өкілі Кисам Джионг 361 кг (171+190) нәтижесімен жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық командаға алғашқы алтынды 61 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Игорь Сон 286 кг (130+156) нәтижесімен әкелді.
Ертең Ташкент қаласында жасөспірімдер, қыздар, юниорлар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталады.Чемпионат 13-20 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан үшін өнер көрсетеді:
- Аблай Ауелханов 55 к
- Акмолда Сайрамкез 61 к
- Сайхан Тайсуев 67 к
- Есенкельды Сапи 81 к
- Нургиса Адилетулы 89 к
- Артем Антропов 96 к
- Рахат Бекболат 102 к
- Гульнур Ыбрай 64 к
- Карина Кузганбаева 81 к
- Айсамал Сансызбаева +81 к