🏋🏻‍♂️Ерлер мен әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты, Цзаньшань (Қытай)

Мамыр 25, 2025

Қазақстандық ауыр атлет Петр Хребтов – Азия чемпионатының қола жүлдегері!

73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Петр 333 кг жиынтығымен қола медаль иеленді 🥉

Жұлқа көтеру – 146 кг

Серпіп көтеру – 187 кг (қола медаль) 🥉

Петрді тамаша өнер көрсетуімен құттықтаймыз. Жаңа жеңістер мен биік жетістіктер тілейміз!

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының демеушілері — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.