Әлем чемпионаты Перу, Лима қ.

Мамыр 25, 2025

2025 жылғы 30 сәуір мен 5 мамыр аралығында Перу астанасы Лима қаласында жасөспірімдер, юниорлар және қыздар арасындағы ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

🇰🇿Қазақстандық ауыр атлет Ерсеит Бейбарыс – Әлем чемпионы атанды!

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерсеит 262 кг нәтижемен (екі жаттығудың қосындысы) алтын медаль жеңіп алды.🎉

Жұлқа көтеру – 117 кг (алтын)

Серпе көтеру – 145 кг (күміс)

Қос сайыс – 262 кг (алтын)

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының демеушілері — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.