Әлем чемпионатындағы алтын!
Мамыр 25, 2025
15 жастағы Ксения Прозорова, Перу (Лима қаласында) өтіп жатқан қыздар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарып, бірінші орынды иеленді! Құттықтаймыз!
59 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Ксения қос сайыс нәтижесі бойынша 199 кг көрсеткішпен үш алтын медаль жеңіп алды.
Жұлқа көтеру — 91 кг
Серпе көтеру — 108 кг

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының демеушілері — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram