Әлем Чемпионаты
Мамыр 21, 202123-31 мамыр аралығында Ташкентте 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем Чемпионаты өтеді. Қазақстаннан әлем біріншілігіне жеті спортшы аттанады.
– Ауелханов Аблай (55 келіге дейін)
– Дроздов Алексей (61 келіге дейін)
– Акмолда Сайрамкез (67 келіге дейін)
– Тайсуев Сайхан (73 келіге дейін)
– Бекболат Рахат (102 келіге дейін)
– Ыбрай Гульнур (64 келіге дейін)
– Сансызбаева Айсамал (87+ келі)
ОДО аға жаттықтырушысы Дмитрий Чурсин:
– Спортшылардың алдына қойған басты мақсатымыз-лайықты өнер көрсету, әлемдегі үздік үштікке ену. Барлық балалар-әлемнің, Азияның жүлдегерлері мен чемпиондары … яғни олардың халықаралық аренада өнер көрсету тәжірибесі бар. Өткен жылдың тамыз айынан бастап спортшылар еліміздің құрама сапында күшейтілген дайындықтан өтті, сондықтан жақсы нәтиже көрсетулері керек, ал ең мықтылар, әрине, тұғырда болады.