Құттықтаймыз!

Қазан 20, 2021

Бүгін Қазақстандық ауыр атлетиканың аңызына айналған Александр Алексеевич Стерликовтың туғанына 75 жыл!

Александр Алексеевич отандық ауыр атлетика мектебінің бастауында тұрды, көптеген атақты спортшыларды тәрбиеледі, олардың арасында Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатый және Еуропа чемпионы Сергей Копытов бар.

Александр Стерликов бүкіл өмірін Қазақстанда ауыр атлетиканы дамытуға және насихаттауға арнады. Республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға, өткізуге және төрешілікке қатысты. Оның еңбегі мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланды – ол көптеген марапаттар мен құрметті атақтарға ие.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының ұжымы шын жүректен Александр Алексеевичті мерейтойымен құттықтайды! Зор денсаулық, рух сергектігін, ұзақ өмір және жақындары мен туыстарына амандық тілейді!