Тағы бір алтын!
Қазан 14, 2022Асылжан Бектай ауыр атлетикадан 89 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды!
Екі жаттығудың қосындысында Асылжан 362 (165+197) келіні бағындырса, серпе көтеруде «күміс» және жұлқи көтеруде «алтын» иеленді!
Сондай-ақ бұл санатта еліміздің тағы бір өкілі – Кирилл Староверкин болды. Оның нәтижесі – 330 (153+177) келі және турнирлік кестеде 7-ші орын!
Бахрейндегі Азия чемпионатында ұлттық құрамамыздың қазынасына екінші «күмісті» Арай Нұрлыбекова әкелді!
Әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшымыз 221 (97+124) келі салмақты бағындырып, жеке жаттығуларда екі қола медальді жеңіп алды!