Тамаша бастама!
Желтоқсан 8, 2021Арли Чонтей Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
55 келіге дейінгі салмақта біздің спортшымызға тең келер ешкім болмады. Арли барлық алты тәсілді жүзеге асырды: бірінші жаттығудың қорытындысы бойынша ол екінші орынды иеленді – «жұлқи» көтеруде -118 келі, «серпе» көтеруде – 142 келі.
Екінші орында Тада Сомбуниан (Таиланд) – 256 (115+141) келі. Үздік үштікті 254 (110+144) келімен Болгариядан Анхель Русев тұйықтады.